jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Ақордада Бақытжан Сағынтаевпен кездесті

    Бақытжан Сағынтаев президент қабылдауында
    Бақытжан Сағынтаев президент қабылдауында. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланған.

    Сондай-ақ мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалған.

    Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы болып 2024 жылғы ақпанда тағайындалған еді.

    Оған дейін Алматының экс-әкімі Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі болды, Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.