jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

    Дәурен Қосанов президент қабылдауында болды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты қабылдады. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Министр ведомствоның 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда.

    Қорғаныс министрі президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндады.

    Дәурен Қосанов армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берді.

    Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді.

    Атап айтқанда:

    • әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру;
    • әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту;
    • қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

    Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларды марапаттады.

    Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.