jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Депутат Гүлнәр Тойлыбаева Қазақстан халқына ант берді

    Гүлнәр Тойлыбаева
    Гүлнәр Тойлыбаева. Трансляциядан алынған кадр: youtube.com/@quryltai_resmi

    Гүлнәр Тойлыбаева Құрылтайдың жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат ретінде Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді ол.

    Гүлнәр Тойлыбаева Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің құрамына сайланды.

    Естеріңізге сала кетейік, "Әділет" партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына Гүлнәр Тойлыбаеваның кандидатурасын ұсынған еді. Бұл шешім Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін қабылданды.

    Кейіннен Савельева Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

    Кеше, 20 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Гүлнәр Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеді.

    Депутат Гүлнәр Тойлыбаева Қазақстан халқына ант берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram