jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Меккеде қандай тілек тілегенін айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Меккеде ұмра қажылығын өтеген сәті
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Меккеде ұмра қажылығын өтеген сәті. Фото: t.me/bort_01

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан жұртшылығымен өткен кездесуде Меккеге жасаған сапарында қандай тілек тілегенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде және осы жолы киелі Түркістанда ата-бабаларымызға құран бағыштап, хандарымыздың рухына тағзым етіп, Алладан бір-ақ тілек тіледім.

    Ол - еліміздің амандығы және халқымыздың бірлігі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Естеріңізге сала кетейік, шілдеде мемлекет басшысы Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барған еді.

    Осы сапары барысында президент Меккеде ұмра қажылығын (кіші қажылық) өтеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.