jitsu gif
Саясат

    Стамбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге 160 мың долларға көмек жинап берді (видео)

    Ыстанбұл қазақтарының гуманитарлық көмегі
    Ыстанбұл қазақтарының зардап шеккен аймаққа гуманитарлық көмегі. Видеодан кадр: Telegram/pressMFA

    Қазақстанның Стамбұлдағы бас консулдығы, сол жақтағы еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Ведомство мәліметінше, осы уақытқа дейін Стамбұлдағы қазақтар зілзаладан зардап шеккен аймақтарға көмек ретінде балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпе және т.б. қажетті заттар жіберген.

    Оның жалпы сомасы шамамен 160 мың АҚШ долларын құраған.

    Сыртқы істер министрлігі гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалып жатқанын атап өтті. Осы орайда бас консул Әлім Байел Стамбұлдағы қазақтарға алғыс білдірген.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған еді.

    Сондай-ақ перзидент үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

    Бүгін Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберілетіні белгілі болды.

    Сонымен қатар Қазақстан тұрғындары да зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуде белсенділік танытуда. Олар бұған дейін Түркияға 100 киіз үй жіберу үшін қаржы жинауды қолған алған еді. Бұл бастаманы көтерген журналист Нұрбек Бекбаудың айтуынша, қазіргі таңда қажетті сома жиналған. Қаражат жинау тоқтатылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.