jitsu gif

Месси Түркия мен Сирияға көмек ретінде 3,5 миллион еуро жіберді

Футболист Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Mehdi Taamallah/NurPhoto via Getty Images

Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси алапат жер сілкінісі болған Түркия мен Сирияға көмек ретінде 3,5 миллион еуро жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Тiranapost басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, аргентиналық футболшы өз қорына зардап шеккендерге көмек көрсетуді сұраған.

"Лионель Месси Түркия мен Сирияға көмектесу үшін 3,5 миллион еуро жіберді", – деп хабарлайды дереккөз түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 14 014-ке жеткен.

Қазіргі таңда Түркия мен Сирияға көптеген мемлекет көмек көрсетуде. Оның ішінде Қазақстан да бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан үкіметі 1 млн доллар бөлді.

Сондай-ақ перзидент үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Сонымен қатар қазіргі таңда Түркияның апат болған аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың екі тобы жұмыс істеуде. Олар жер сілкінісінен кейін із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға көмек көрсетуде.

Месси Түркия мен Сирияға көмек ретінде 3,5 миллион еуро жіберді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.