jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрімен кездеседі

    Италия премьер-министрі
    Италия премьер-министрі Джорджа Мелони. Фото: Massimo Di Vita / Archivio Massimo Di Vita / Mondadori Portfolio / Getty Images

    Қасым-Жомарт Тоқаев 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі. Бұл туралы президенттің ресми Telegram-арнасында хабарлады.

    Ақорданың ресми Telegram-арнасының ақпаратына сәйкес, пезидент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.

    Сондай-ақ бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

    Ал 25 мамыр күні Тоқаев жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.

    Еске сала кетейік, 17 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келген болатын.

    Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер жүргізген.

    Кездесу барысында екі елдің басшысы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, білім және ғылым, қаржы салаларындағы жан-жақты ынтымақтастығын дамыту, көлік-транзит әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

    18 мамыр күні болса, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.

    Сондай-ақ Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойған болатын.

    Ал 20 мамыр күні Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аяқталғаны туралы хабарлады Ақорданың Telegram-арнасында.

    Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия премьер-министрімен кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.