jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Си Цзиньпин Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты көңіл айтты

    Си Цзиньпин
    Си Цзиньпин. Фото: Lintao Zhang / Getty Images

    Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннен және тағы басқа елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары әлі келіп жатыр.

    Олардың арасында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин де бар. Ол қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтқан.

    "Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазылған жеделхатта.

    Сондай-ақ көңіл айту жеделхаттарын Болгария президенті Румен Радев, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдаған.

    Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.

    Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 45-ке жеткен. Тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

    29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

    Си Цзиньпин Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.