jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ердоғанды Астанада кім күтіп алды (видео)

    Режеп Тайип Ердоған мен Әлихан Смайылов
    Режеп Тайип Ердоған мен Әлихан Смайылов. Видеодан кадр: instagram.com/primeministerkz

    Бүгін, 2 қарашада Түркия президенті Астанаға келді. Үкімет баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында премьер-министр Әлихан Смайылов Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алғанының видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елордаға Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін келген.

    Мәртебелі мейманды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

    Сондай-ақ үкімет баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті 3 қарашада өтеді.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 2 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келгені туралы жазған едік.

    Сонымен қатар бүгін елордаға Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мажарстан (Венгрия) премьер-министрі Виктор Орбан, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те келген болатын.

    Ердоғанды Астанада кім күтіп алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.