jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев келесі аптада Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Ақорда.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасының жазуынша, президент Әзербайжанда 11-12 наурыз аралығында болады.

    "Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады", - делінген ресми хабарламада.

    Айта кетейік, Әзербайжанда осы жылдың ақпанында өткен кезектен тыс өткен сайлауда елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев 92,1 пайыз дауыспен жеңіске жеткенін жазған едік.

    Көп ұзамай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

    Тоқаев келесі аптада Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.