Тоқаев Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан қаза тапқандарға байланысты көңіл айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтқан еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди көңіл айтқан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз