jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДМ
    Динар Мұрат
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Германия президентіне көңіл айтты

    Қазақстан президенті көңіл айтты
    Қасым-Жомарт Тоқаев и Франк-Вальтер Штайнмайер. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Магдебургтегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.

    "Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

    20 желтоқсан күні Германиядағы Магдебургте көлік рождестволық базардағы бір топ адамды қаққанын еске саламыз. "Лаңкестік акт" деп бағаланған қайғылы оқиға салдарынан 80-нен астам адам жарақат алды.

    "Би-би-си орыс қызметінің" хабарлауынша, соңғы мәліметтерге сенсек, кемінде төрт адам қаза тауып, он адам жараланған. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші 2006 жылдан бері Германияда тұратын Сауд Арабиясының тумасы. Апаттан кейін ол бірден ұсталды.

    Тоқаев Германия президентіне көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.