jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанаға ресми сапармен Болгария президенті Румен Радев келді (фото)

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Румен Радев
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Румен Радев. Фото: akorda.kz

    Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.

    Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланбақ.

    Астанаға ресми сапармен Болгария президенті Румен Радев келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.