jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Дональд Трамп
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Дональд Трамп. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құттықтау хатында мемлекет басшысы адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өткен.

    Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берген. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтқан.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тілеген.

    Айта кетейік, бүгін, 11 сәуірде "Артемида-2" миссиясының ғарышкерлері Айды айналып ұшып, Жерге оралды. NASA "Орион" ғарыш кемесінің Тынық мұхитына сәтті қонған видеосын жариялады.

    Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.