jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қадірлі бауырым": Тоқаев Ердоғанмен кездесуінен фото жариялады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Режеп Тайип Ердоған
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Режеп Тайип Ердоған. Фото: instagram.com/tokayev_online

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен", - делінген фото сипаттамасында.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше, 13 мамырда елімізге мемлекеттік сапармен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келді. Бауырлас елдің басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

    Айта кетейік, бұған дейін хабарлағандай, 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

    Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

    "Қадірлі бауырым": Тоқаев Ердоғанмен кездесуінен фото жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.