jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістанға барды (фото, видео)

    Президент борты
    Президент борты. Фото: Ақорда

    Бүгін, 15 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға ұшып барды, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды.

    Айта кетейік, бұған дейін хабарлағандай, 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

    Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

    Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда елімізге мемлекеттік сапармен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келді. Бауырлас елдің басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан қарсы алды. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

    Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістанға барды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.