jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: Тоқаев Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

    "Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", - делінген жеделхатта.

    Еске сала кетейік, 25 маусымда Атлантика уақыты бойынша сағат 18:05-те Венесуэла жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды.

    Жер сілкінісінен кейін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес елде төтенше жағдай жариялады.

    Бастапқыда Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алғаны хабарланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артуда.

    Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: Тоқаев Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.