Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр Қарақаттың жерік асын әкелген Қыдырәлі ел сүйіспеншілігіне бөленді (фото, видео)

Опубликовано:

Қыдырәлі Болманов өзінің жары Қарақаттың жерік асын әкеліп бергенін айтып, өзінің олжасын көрсетті. Әнші жарының тілегін орындау үшін қыстыгүні балық аулауға шыққан.

Әншінің айтуынша, бұл жолы ол олжалы оралған. Бір-ақ балық ауланғанымен, қармаққа айрықша балық ілінген.

"Үйіміздің көркі де, берекесі де, Алла қосқан ақ некелі жүрегім, әзірше үйіміздегі жалғыз тал гүлі - Қақатым көлден ауланған балыққа аңсары ауғаннан соң, әрине атқа қондық. Астанаға жақын жерде балық аулайтын көлімізге барып, Қайрат бауырымыздың көмегімен бар жоғы бір-ақ балық ұстадық...

Ол ерекше балық болып шықты. Қуанғаным-ай! Қақатымның, періште бөпеміздің несібе-ризығы болар деп жақсылыққа жорыдым. Өте сирек кездесетін - жылтыр тұқы балығы болып шықты", - деді Қыдырәлі.

Бір қызығы, әнші ұстаған балық өте сирек кездеседі екен. Кез келгеннің қармағына түсе бермейтін балыққа қол жеткізген Қарақаттың да қуанышында шек болмады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан Ресей телеарналарынан бас тартып жатыр

Еліміздің кейбір аймақтарында тұман болып, жел тұрады

Ішкі істер органдарында қызмет ететін ең сұлу арудың арманы қандай? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1429466-ayaghy-auyr-qaraqattynh-zherik-asyn-akelg/

pixel