Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллионер асабалар: Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиевті тойға шақыру қанша тұрады?

Опубликовано:

Тойдың көркін қыздыратын да, оның сәнін келтіретін де - асаба. Егер той басқаратын адам ел көңілінен шықса, қалың жұрт оның сөзіне ұйып, той мәнді өтеді. Сондықтан, той бизнестің дәурені жүріп тұрған қазіргі кезде елге сөзін өткізе алатын жүргізушілерге деген сұраныс артып тұр. NUR.KZ порталы еліміздің ең қымбат асабаларын назарға ұсынады.

Танымал әзілкештер мен жүргізушілерге деген сұраныс бүгінгі таңда шын мәнінде өте жоғары. Қанша қымбат болғанымен оларға алдын ала бір немесе жарты жыл бұрын тапсырыс беріп қояды. Еліміздегі той бизнес саласындағы агенттіктердің бірі биыл олардың құны тіптен артып кеткенін де айтуда.

Тұрсынбек Қабатов

Танымал әзілкеш тойды басқарып беру үшін кемінде 1 млн 500 мың (5000 доллар) сұрайды. Агенттіктердің айтуынша, оның бағасы 7 000 долларға дейін ауытқуы мүмкін. Тұрсынбек Қабатов еліміздегі ең жоғары сұранысқа ие асабалардың қатарынан. Сондықтан оған алдын ала жарты жыл бұрын тапсырыс беріп қойған абзал.

Нұржан Төлендиев

Ал Нұржан Төлендиев Қабатовқа қарағанда арзанырақ бағаға келісуі мүмкін дейді агенттік өкілі. Оның айтуынша, Нұржанның құны 1 млн-нан (4 000 доллар) басталады.

Жанатбек Бәйтеков

Жанатбек Бәйтеков те еліміздегі ең танымал әзілкештердің бірі. Оны тойыңызға шақыру үшін 1 млн теңгеңіз (3 000 доллар) қалтаңызда болсын.

Қайрат Әділгерей

Тұрсынбек Қабатов театрының актерлері де аса сұранысқа ие. Мәселен, Қайрат Әділгерей 1 000 долларға көлеміндегі гонорарға келіседі дейді агенттік өкілі.

Аманғали Сыпабеков

Жан-жануарлардың тілін "түсінетін" Аманғали да асаба ретінде жиі көрініп жүр. Оның той басқарып беруі 2 000 доллар тұрады.

Қанат Әлжаппаров

Кезінде Қанат Әлжаппаров той басқарып бергені үшін 1 млн теңгеден де көп ақы сұрайды деген ақпарат тараған еді. Алайда, ақпарат берген агенттіктің айтуынша, 600 - 700 мың теңге (2 000) шамасындағы гонорарға ол келісімін береді.

Нұрлан Еспанов

Әншілікпен қоса асабалықты да қатар алып жүрген Нұрлан Еспанов 2 000 доллар берсеңіз, тойңыздың көркін қыздырары анық.

Естеріңізге салсақ, отандық БАҚ-та Нұржан Төлендиев 600 000 теңгенің тойы менсінбегені туралы мақала шығып, елді шулатқан болатын. Кейіннен асаба бұл ақпараттың жалған екенін айтып, ақталған еді.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады

Ақмолада жас келін енесінің алтындарын ұрлап, қашып кеткен

Ақтөбелік бойжеткен 49 жастағы анасына екінші өмір сыйлады (фото)

Семейде суға кеткен баланың мүрдесін құтқарушылардан бұрын туыстары тапқан

Дәрігерлер атауы өзгертілген көшені іздеп жүргенде сырқат сәби өліп қала жаздады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1434029-tursynbek-qabatov-toy-basqaru-ushin-1-zha/