Алматыда Канье Уэсттің атышулы концерті қалай өтті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда Канье Уэсттің концерті басталды. Кеше, 14 тамызға жоспарланған концерт ауа райының қолайсыз болуы салдарынан өтпей қалған болатын. Есесіне шара бүгін, 15 тамызда өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл жолы Алматының ауа райы концерт өткізуге қолайлы болып тұр.
Стадиондағы халық саны өте көп.
Стадионда орналастырылған жер шары түріндегі сфераға әртіс King әнімен шықты.
Ән орындалып жатқан кезде стадионда отшашу атылды.
Концерт лазер шоуымен сүйемелденді.
Жарық элементтері мен бу машиналары көрермендерге естен кетпес атмосфера сыйлауда.
Мұндай арнайы эффектілер арқылы жер шарының үстіндегі бұлттар тұрғандай көріністі тамашалауға болады.
Жақыннан мұндай шоу тіптен әдемі әрі таңғаларлық әсер сыйлайды.
- "Анашым, шалқып күлсең...": Марат Омаровтың әйгілі әні Мақпал Жүнісоваға неге бұйырмады
- "Көнеміз ғой": талай тыңдарманды жылатқан хит әнді кім жазған
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/image/2413240-almatyda-kane-uestting-qolaisyz-aua-raiy-saldarynan-otpei-qalgan-atyshuly-kontserti-bastaldy/
