Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған күнінде анасының аяғын сүйген Ердос Қанаев қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаев анасының аяғын сүйіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Анасына құрмет көрсеткен әнші видеосын Instagram парақшасына жүктеген деп жазады NUR.KZ.

Елдос Қанаев. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ
Елдос Қанаев. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Видеода әнші анасының аяғын жуып отыр.

"Бүгін "Дүние есігін аштым" деп қуанып жатырмыз ғой. Бірақ бұл өмірге өздігімнен келе салмаппын. Раббым дүниеге келуімді осы бір кішкентай жан арқылы қалаған екен. Бұл жан мені тоғыз ай он күн қиналып көтерді. Одан кейін екі жыл емізді. Жыласам бірге жылады. Күлсем балаша қуанды.
Айта берсем бұл жанның маған жасамаған жақсылығы қалмаған екен. Енді келіп, түк болмағандай "бүгін менің туған күнім" деп өзімді салып қоя салуыма болар еді. Бірақ барлық құттықтауға лайық осы жан екен. Біздер үшін тілім-тілім болған аяғын мен сүймесем, кім сүйеді? Өзі өмірге алып келген баласынан осындай жақсылық көре алмаса, біздің кім болғанымыз?", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің әрекетін көрген соң, көзіне еріксіз жас алғанын жарыса жазды.

"Алла разы болсын", "Керемет", "Көзіме жас алдым", "Аналарымыз аман болсын" деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780443-tugan-kninde-anasyny-aagyn-sjgen-erdos-kanaev-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel