Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данэлия Төлешова қытайлық шоуда Полина Гагаринамен ән шырқады

Опубликовано:

Қазақстандық жас жұлдыз Данэлия Төлешова танымал әнші Полина Гагаринамен бірге Қытайда өткен Singer байқауының финалында ән айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Данелия Тулешова Singer шоу байқауында Полина Гагаринамен ән шырқады
Фото: Фото: Instagram/ofc_polinagagarina: UGC

Бұл Дэнелияның Instagram парақшасына байқау алдындағы дайындық сәтінен видео жүктеген кезде белгілі болды.

Төлешова өзінің жазбасында шоудың соңғы кезеңінде бақ сынаған ресейлік әріптесіне қолдау көрсетуге қуанышты екенін айтқан.

Төлешова, Гагарина және Даррен Эспантомен бірге AIR Uugabiz өнер көрсетті. Қастысушылар бұл жолы «We are the world» әнін таңдаған.

Данэлия кейінгі постында сахнадағы әріптестеріне алғыс айтып, осындай керемет нөмірдің бір бөлігі болғаны үшін бақытты екенін жазды.

Бір қызығы, Полина Гагарина Данэлияға шақыртуды 1 сәуір күні жіберген. Жас әнші алғашында мұны әзіл деп ойлап қалыпты

Данэлия Төлешова мен Полина Гагаринаның әндерін біздің "Музыка Нұр" қосымшасынан тыңдауға болады..

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1788745-danelia-tulesova-singer-sou-bajkauynda-polina-gagarinamen-n-syrkady/

pixel