jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды (фото, видео)

    Марат Ахметжанов Оразбек Асылқұловқа пәтер кілтін табыстауда
    Марат Ахметжанов Оразбек Асылқұловқа пәтер кілтін табыстауда. Фото: instagram.com/aqmola_region

    Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір тумасы, танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Салтанатты шара барысында Марат Ахметжанов боксшыны облыстың мақтанышы екенін атап өтіп, оның жетістіктері жастар арасында спортты дамытуға зор серпін беретінін айтқан.

    Өз кезегінде Оразбек Асылқұлов көрсетілген қолдау мен ықылас үшін ризашылығын білдірген. Оның айтуынша, берілген баспана алдағы жеңістер мен жаңа спорттық белестерге жетуге қосымша мотивация болады.

    Ал боксшының жеке бапкері Ерлан Ғазизов 1 млн теңгенің сертификаты табысталған.

    Ерлан Ғазизов 1 млн теңгенің сертификаты табысталды
    Ерлан Ғазизов 1 млн теңгенің сертификаты табысталды. Фото: Ақмола облысының әкімдігі

    Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов сәуірде Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионтында алтын медальға ие болды. Оны жарқын жеңісімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

    Бұдан бөлек, Оразбек Асылқұлов – 2025 жылғы әлем чемпионы (Дубай), 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы, халықаралық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, сондай-ақ ҚР Спартакиадасының жүлдегері.

    Танымал боксшы Оразбек Асылқұловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.