Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досымжан Таңатаров жаңа шенге ие болды

Опубликовано:

2000 жылдан бастап президент оркестрінің жеке солисі, жетекші әншісі қызметін атқарған Досымжан Таңатаров жаңа шен алды. Әнші жайлы тың ақпаратты танымал ақын Нәзира Бердалы Instagram парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақын өнер иесіне жыр жолдарын арнаған.

"Құтты болсын, ағатай, Жаңа орныңыз! Құтты болсын жұлдызың, Шеніңіз де. Адал қызмет ете бер, еліңізге", - деп жазды Нәзира Бердалы.

Айта кетейік, әншінің бұл қуанышына желі қолданушылары да ортақтасып, ақ тілектерін жаудырған.

"Құтты болсын", "Ендi ол кiсiлер президент оркестiрiнiн әншiлерi ғой. Кларада бар. Досымжан, құтты болсын! Генерал болыңыз", "Бұл кісінің әскери қызметкер екенін білмеппін", "Еліміздің мақтан тұтар əншілері көбейе берсін".
"Майор атандыңыз ба?", "Капитан екенсіз, майор атандыңыз ба?", "Шеніңіз құтты болсын", "Дәрежеңіз өсе берсін", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, әнші 2008 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанса, 2009 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1795070-dosymzan-taatarov-zaa-senge-ie-boldy/

pixel