Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Есебаев: Маған әнге айырбас ретінде төсек ұсынған әншілер болды

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнесте өз орны бар танымал композитор Бауыржан Есебаев өнердегі әнші арулар ән үшін өзіне төсек қатынасын ұсынғанын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қайрат Нұртасты жұлдыз еткен "Арман" әнінің сөзін жазған композитор мұндай жағдайлар жас кезінде болғанын айтады.

"Маған әнге айырбас ретінде төсек ұсынған әншілер болды. Негізі маған сол әнді сұрап, төсек айырбасын ұсынғандар болды. Бірақ, мен олардың ешқайсысына жолаған емеспін. Төсек қатынасын ұсынған уақыттар кішкене жас кезімді ғой", - дейді Есебаев.

Айта кету керек, аталмыш продюсер кезінде отандық танымал әнші Айгүл Иманбаеваның да жұлдызын жаққан.

Ол өнер иесіне "Таңғы елес" атты хит әнін жазып берген.

Эстрада жұлдызы композитордың бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Менің композиторым ғой. Мені хит қылған сол кісі ғой. Әркім өзі үшін жауап берсін. Әркімнің тағдыры, жолы, өресі бар. Мен біреу үшін жауап бермей-ақ қояйын, артық дүние шығар. Өзіміз маңдай тер мен адал еңбекке сеніп алған адамбыз. Тіпті, қасыңда ер адам бар ма, жоқ па қарамайсың. Таза еңбекке бет бұрып алған адамдармыз" , - дейді Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1830961-bauyrzan-esebaev-magan-nge-ajyrbas-retinde-tsek-syngan-nsiler-boldy/

pixel