jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Әлемді бағындырған жұлдыздардың зираттары қайда орналасқан

    : Instagram

    Бір күнде өмірге мыңдаған сәби келіп, тағы мыңдаған адам жер қойнына беріледі. Өлім сағаты ешкімді де, тіпті әйгілі жұлдыздарды да айналып өтпейтіні анық. Осы ретте

    KAZ.NUR.KZ

    BigPicture.ru-ға сілтеме жасап, артында өшпес із қалдырған, әлемге танымал жандардың зираттары қайда орналасқанын жазады.

    Әлемді бағындырған жұлдыздардың зираттары қайда орналасқан
    Фото: bigpicture.ru: Instagram

    Джо Дассен

    Француз композиторы әрі әншісі 42 жасында мейрамханада түскі ас кезінде жүрегі тоқтап қайтыс болған. Оның денесі өзі қалағандай, Голливудтағы зиратқа, туыстарының жанына қойылған.

    мертвфы
    Фото: bigpicture.ru: Twitter

    Уитни Хьюстон

    Уитни тірі кезінде көптеген марапаттарға ие болды. Ол ең табысты әнші атанған. Супер жұлдыздың денесі Уэстфилдтегі зиратқа қойылған.

    мертвфы
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Виктор Цой

    Ән авторлары, әнші, музыкант Виктор Цой небәрі 28 жасында жол апатына түсіп, өмірден өткен. Ол Санкт-Петербургтегі Богословский бейітіне жерленген.

    мертвфы
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Майкл Джексон

    Әлемге әйгілі Майкл Джексонның денесі Калифорнияның Глендейл қаласындағы Үлкен мазарға қойылған. Ол жерге кез келген адам кіре алмайды. Алайда әншінің өмірден өткеніне бір жыл болғанда оның жанкүйерлері мазарға кіруге мүмкіндік алған.

    мертвфы
    Фото: bigpicture.ru: Twitter

    Элвис Пресли

    Әнші, актер Элвис Пресли жүрегі ауырып қайтыс болған. Бастапқыда оның денесі зиратқа жерленді. Алайда қаскөйлер оның зиратын бұзуға талпынған. Содан соң туыстары әншіні "Грейследке" қайта жерлеген.

    мертвфы
    Фото: bigpicture.ru: Facebook

    Фредди Меркьюри

    Танымал рок-орындаушы Фредди Меркьюридің зиратын тек оның туыстары мен достары ғана білген. Алайда 2013 жылы The Daily Mirror басылымында әншінің жанкүйерлері жұлдыздың зиратын тапқаны туралы хабар тарады. Фредди Меркьюридің денесі Лондонның батысындағы Кенсал Грин бейітіне жерленген.

    мертвфы
    Фото: bigpicture.ru: Twitter

    Еске сала кетсек, бұған дейін сүйіктілерімен мектеп кезінен бері таныс жұлдыздар туралы жазған едік.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Әлемді бағындырған жұлдыздардың зираттары қайда орналасқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.