Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ортақ баға": Ринат Зайытов өзінің гонорары туралы ағынан жарылды

Опубликовано:

Отандық танымал ақын Ринат Зайытов табыс көзі мен өз гонорары туралы бар шындықты айтты. Белгілі айтыскер бүгінде қазақстандық өнер иелерінің әндеріне сөзін жазып, ақша тауып жүр. Алайда, бір өлеңнің ақысы тек оның бір өзіне ғана тимейтін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/rinat_zaitov_resmi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/rinat_zaitov_resmi. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ринат Зайытов бір әнді жазуға жалғыз өзі ғана емес, бір шығармашылық топ атсалысатынын алға тартты. Олар ортақ баға үлес туындыны жазу үрдісіне үлесін қосқан әрбір адамға төленетінін айтты.

"Осынша ақшаға жазылады деген жоқ. Біз студияда жалпы бір әннің ортақ бағасын шығарамыз. Оның ішінде өңдеушінің еңбегі, композитордың еңбегі, ақынның еңбегі де бар. Сол ол жерде жұмыс істеп жатқан балалардың қазақша айтқанда "нан, шайы ғой". Күнделікті отбасын асырауы. Болды басқа ештеңе емес" , - деп қысқа қайырды ақын.

Журналистің сұрағына нақты жауап бергісі келмеген айтыскер өзіне ғана тиесілі болатын гонорарын құпия сақтағысы келген көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ринат Зайытов желіде бес баласының анасына өз сезімін білдіріп, көпшілікті сүйсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843850-ortak-baga-rinat-zajytov-zini-gonorary-turaly-agynan-zaryldy/

pixel