Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір күнде екі рет келетін": Азамат Омаровтан қызды болған ару тікелей эфирде шу шығарды

Опубликовано:

Соңғы кезде ел арасында аса қызу талқыға түскен Марат Омаровтың ұлына қатысты даулы оқиға өз жалғасын тапты. Бұл жолы Азамат Омаров өзінен жүкті болып, қыз бала босанған ару Кәмшат Таубаймен бағдарлама кезінде бетпе-бет кездесті. Жас ана перзентінің әкесі шындықты айтпай қойғанына шүйлігіп, эфир кезінде шу шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Кәмшат Таубай өзімен төрт ай бойы кездесіп жүргенін жоққа шығарған Азамат Омаровқа қатты ашуланды. Ол қызының әкесімен кездесулері қалай және қай жерде өткенін де жайып салды. Тікелей эфирде әншінің ұлы мен одан 12 жас кіші арудың төсектес болған пәтері де жұрт назарына көрсетілді.

"Төрт ай кездестік. Мен қаңтардан былай жүкті болғаныма дейін есептедім ғой. Үйге күніге келіп жүрді. Бір күнде екі рет келетінсіз, неге көзіңізді бақырайтасыз? Шындықты айтсаңызшы оданда.
Ол үйге көп келетін. Ал досы Байдос үйдегі інілерін темірге жіберетін. Олар темір қабылдауға кетіп қалатын. Сол жерде түнейтін. Ал Азамат күніне екі рет келіп тұратын. Азанда кетіп бара жатып, менің маңдайымнан сүйіп кешке дейін энергия беріп кететінсіз" , - деп өз шындығын айтуға тырысты жас ана.

Ал Азамат Омаров бойжеткеннің сөздерін жоққа шығарып, аталмыш үйде тек үш мәрте болғанын жеткізді. Оның сөзінше, соңғы үшінші кездесуде ол шарапқа масайып, Кәмшатпен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда, әншінің ұлы шын мәнінде ондай ойы болмағанын алға тартып, оқиға ішімдік салдарынан орын алды деп есептейді.

Азамат Омаров пен Кәмшат Таубайдың кездесуі өткен пәтер. Фото: видеодан кадр.
Азамат Омаров пен Кәмшат Таубайдың кездесуі өткен пәтер. Фото: видеодан кадр.: Instagram

Бағдарламаға келген Зарина Омарова да барынша інісін жақтап, мұндай жағдайларда қыз балаларға басымен ойлануға кеңес берді. Оның ойынша, көптеген арулар бүгінде ақымақтыққа салынып, осыған ұқсас қателіктерге бой алдыруда.

Азамат Омаров пен Кәмшат Таубайдың кездесуі өткен пәтер. Фото: видеодан кадр
Азамат Омаров пен Кәмшат Таубайдың кездесуі өткен пәтер. Фото: видеодан кадр: Instagram

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.

Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.

Одан кейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

Кейіннен соңғы болып, Азамат Омаровтың өзі де көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Әншінің ұлы өз шындығын баяндады.

Азамат Омаров аталмыш жағдайдан кейін отбасылық өміріндеқиындықтар туындағанын мойындады. Ол әйелінің сенімін қайта қалпына келтіруге тырысып жатқанын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844949-bir-knde-eki-ret-keletin-azamat-omarovtan-kyzdy-bolgan-aru-tikelej-efirde-su-sygardy/

pixel