Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз үйдеміз": Карантинде отбасымен билеген Қайрат Нұртас елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетті. Үйінен шықпай отырған хитмен отбасымен қосылып жанкүйерлеріне би билеп берді. Жұлдызды әулет көңілді видеосымен әлеуметтік желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қайрат Нұртас коронавируске қатысты елімізде жарияланған карантин режимін қалай сақтап жүргенін көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында отбасымен үйде би билеп жатқан видеосын жариялап, жанкүйерлерін қуантты.

Бейнежазбадан Қайрат пен Жұлдыздың балаларының ортасында билеп жүргенін көруге болады. Айта кетерлігі, жұлдызды жанұя бірдей қимылдар жасап биледі.

Хитменнің тыңдармандары оның отбасына тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдірген.

"Керемет отбасы. Елімізге ауыр кезең тап болғанда халықты осылай қуантып қоясыз" , "Жан-жақтан жағымсыз ақпараттар түсіп жатқанда, сіздер көңілімді бір көтеріп тастадыңыздар", "Қандай керемет көрініс. Осылай тату болып жүре беріңіздер. Балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер" , "Күшті билепсіздер, сіздерге ризамын" , "Тағы да осындай видеолармен бөліссеңіз" , - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін отандық жұлдыздардың караинтинді қалай өткізіп жатқанына жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848157-biz-jdemiz-karantinde-otbasymen-bilegen-kajrat-nrtas-eldi-tnti-etti-video/

pixel