RU

"Бүгін ерекше қорқынышты": Айқынның келіншегі мен қызы ауырып қалды (видео)

Отандық танымал әнші Айқын Төлепбергеннің жары мен кішкентай қызы Айя ауырып қалды. Жұлдыз Өмірғали перзенті екеуінде ауру белгілері үш күн бұрын пайда болғанын айтты. Олардың тамағы қызарып, әлісіздік байқалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official
Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official: Instagram

Айқынның келіншегі бүгін ерекше қорқып тұрғанын жасырмады. Себебі, Жұлдыздың басы қатты ауырып, әлсіздігі ушыға түскен. Бұл туралы ол Instagram парақшасында оқырмандарына хабарлады.

"Біз Айя екеуміз осыдан үш күн бұрын ауырып қалдық. Тамағымыз қызарып, ангинамыз ұстап қалды. Екі күн аса қатты ауырмап едік. Бүгін енді ерекше қорқынышты болып тұр. Басым ауырып, әлсіз болып тұрмын. Дәрігер система алсын деді. Құдай қаласа, бүгін система алып бастасам бәрі де жақсы болады деп үміттенемін" , - деді Жұлдыз Өмірғали.

Айта кетейік, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің ортақ екі баласы бар. Бұл әншінің екінші некесі. Өнер иесі бірінші некеде де екі перзент сүйді.

Еске сала кетейік, күні кеше Айқын мен Жұлдыздың кішкентай қызы Айя бір жасқа толды. Ерлі-зайыптылар желіде оған өз жүрекжарды тілектерін арнап, туған күнімен ерекше құттықтады. Көпбалалы әнші кенжесімен түскен видеоларымен бөлісіп, қалың көпшілікті тәнті еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862125-bgin-erekse-korkynysty-ajkynny-kelinsegi-men-kyzy-auyryp-kaldy-video/