Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанның танымал актрисасы коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Фото: kino-teatr.ru

Өзбекстанның халық әртісі, кино саласының майталманы Дильбар Икрамова 73 жасында өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, актриса коронавирустан көз жұмған.

Икрамова 1947 жылы 17 шілдеде Ташкент облысының Бекабад ауданында дүниеге келген. 1970 жылы Ташкент мемлекеттік театр-көркемсурет институтын тәмәмдаған.

Актриса 40-қа жуық фильмге түскен, бірақ қалың көрерменге режиссер Мелис Абзаловтың "Қалыңдық бүлігі" фильміндегі рөлімен танымал болған.

2001 жылы Дилбар Икромоваға "Өзбекстанның халық әртісі" атағы берілді.

Еске сала кетсек, осыған дейін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы өмірден озғанын жазған болатынбыз.

Спорт мамандары мен жанкүйерлердің ортасында Разия Нүркенова еліміздің тәуелсіз тарихындағы Қазақстан құрамасының алғашқы шабуылшысы ретінде кең танымал.

Ол Қазақ КСР, КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған.

Марқұм мансабын аяқталған соң футбол төрешісі, кейін бапкерлік қызметпен айналысқан.

Разия Нүркенова футболдан Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының спорт шебері.

Сонымен қатар Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатовтың 59 жасында өмірден өткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, коронавируспен күрескен белгілі дәрігер Абай Сахариевтің пневмониядан көз жұмған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1871304-zbekstanny-tanymal-aktrisasy-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel