RU

Әйгілі "А’Студио" әншісі Кети Топурия екінші рет тұрмысқа шықты (фото)

Кети Топурия мен Лев Деньгов
Фото: Instagram/keti_one_official

"А’Студио" тобының мүшесі Кети Топурия тұрмысқа шығып, той күні түсірілген суреттермен бөлісті. Өнер иесінің таңдауы Лев Деньгов есімді кәсіпкерге түскен. Жас жұбайлар жақында ата-ана атанбақ. Әнші арудың аяғы ауыр болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кети Топурия той күні түсірілген фотоларын Instagram парақшасында жариялап, барша оқырмандарының назарына ұсынған. Белгілі болғандай, "А’Студио" әншісінің жүрегін 36 жастағы Лев Деньгов есімді кәсіпкер әрі саяси қайраткер жаулап алған. Ол Ливияда ресейлік және белорус азаматтарын босатумен айналысқанымен көпке танымал.

Кетидің айтуынша, олардың үйлену тойлары 20 қараша күні болып өткен. Некелесу шарасына санаулы күндер қалғанда әншінің өзі аяғы ауыр екенін қалың жұртқа жария етті. Ол екінші рет тұрмысқа шығып, екінші мәрте ана атанбақ.

Кети Топурия бұған дейін Лев Гейхман есімді кәсіпкермен отау құрып, оған Оливия деген қызды сыйлады. Ерлі-зайыптылар 2017 жылы айырылысып кетті.

Анықталғандай, Кетидің сүйіктісінің де бірінші некесінен балалары бар.

Барша ресейлік және қазақстандық шоу-бизнес өкілдері өнердегі әріптесінің қуанышына ортақтасып, жас жұбайларды шын жүректен құттықтап жатыр.

Желі қолданушылары да олардан қалыспай, ерлі-зайыптыларға ақ тілектерін жарыса жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1886167-jgili-astudio-nsisi-keti-topuria-ekinsi-ret-trmyska-sykty-foto/