Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатал екенсіз": Аңға шыққан Төреғали Төрәліге қатысты тексеру басталды

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Алматы облысының құқық қорғау органдары танымал әнші Төреғали Төрәлінің аңды өлі күйде ұстап тұрған фотосуретіне қатысты тексеру жұмысы жүріп жатқанын мәлім етті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомство қазір тәртіп сақшылары істің барлық мән-жайын анықтап жатқанын атап өтті.

"Тексеру шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Сонымен қатар, құқықтық баға беріледі", - делінген Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өлі аңның басын ұстап тұрған суретті жариялаған болатын.

Фото өнер иесінің оқырмандары арасында қызу пікірталас тудырды.

Кейбір желі қолданушылар Төреғалидың қандай аңмен суретке түскенін сөз етті.

"Қасқыр ма?", "Түлкі сияқты", "Шибөріге де ұқсайтын сияқты", "Нағыз қасқырдың өзі" деді олар.

Пікір білдіргендердің арасында отандық әншіні жазықсыз аңды өлтірді деп айыптап, "қатал екенсіз" дегендер болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892562-katal-ekensiz-aga-sykkan-tregali-trlige-katysty-tekseru-bastaldy/

pixel