Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда тағы бір түрік сериалын эфирден алып тастады

Опубликовано:

кино әлемі
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанда "Sevimli TV" арнасы эфирде бір жарым жыл жүрген "Қанатсыз құстар"(Kanatsız Kuşlar ) түрік сериалын көрсетуді тоқтатты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Басылымның жазуынша, 19 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен өткен жиналыста кейбір телеарналардың шетел сериалдарын жиі көрсететіні айтылған.

"Sevimli TV" телеарнасы кино редакциясының бір қызметкерінің хабарлауынша, арна бағдарламасы өзгерген. Енді шетел сериалдарының орнына отандық фильмдер көрсетіледі.

29 қаңтарда телеарна "Қанатсыз құстар" (Kanatsiz kuşlar) түрік сериалын көрсетуді доғарған. Бұл сериал 2019 жылдан бері көрсетіліп келген. Бір жарым жылда өзбек көрермендері оның 91 сериясын көріп үлгерген.

Олар фильмді эфирден алып тастағанын сынға алған.

"Сериалдың аяқталуына аз қалғанда оны эфирден алып тастады. Атам мен әжем осы сериалды сүйіп көретін. Үлкен кісілерді құрметтеп, фильмді аяғына дейін көрсетуі керек еді. "Стамбулдан түскен келін" сериалын да дәл осылай үзіп тастады", - деп жазды көрермендердің бірі әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 2019 жылы өзбекстандық "Zor TV" телеарнасы танымал түрік сериалы "Kara Sevda-ны" эфирден алып тастаған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстаннан дрон арқылы қару қабылдап алмақ болған екі өзбек азаматы ұсталғанын хабарлаған едік.

Қару - ішінде алты оғы бар Макаров тапаншасы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896757-zbekstanda-tagy-bir-trik-serialyn-efirden-alyp-tastady/

pixel