Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас жазаланды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Видеодан кадр

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті той үстінде ұсталған Қайрат Нұртасқа қатысты қандай жаза қолданылатынын айтты. Бұған дейін әншінің оңтүстік астанада заңсыз түрде тойға барғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы тап болған оқиғаға қатысты департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов пікір білдірді.

"Мониторингтік топтар жүргізген рейд барысында Алматыда көңіл көтеретін жерлердің бірінде 80-нен астам адамға мерекелік шара ұйымдастырылғаны анықталды. Тойға келгендер арасында Қайрат Нұртас болды. Әнші өзге той қонақтарымен бірге әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтыру үшін полиция басқармасына жеткізілді. Олардың барлығы 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді" , - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін мониторингтік топтан қашпақ болған Қайрат Нұртас видеоға түсіп қалған еді. Осы сәтті Алматы телеарнасының тілшілері түсіріп алған.

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге тап берген. Тіпті, телеарнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысқан.

Кейіннен өнер иесі өзінің карантин кезінде ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Ол ешкімнен қашпағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1904814-meiramxanada-ustalgan-qairat-nurtas-zazalandy/