Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ домбырашылары британиялық Golden Time Talent шоуында топ жарды (видео)

Опубликовано:

Домбырашылар
Кадр: "Хабар 24"

Ұлыбританиядағы Golden Time Talent шоуында қазақ домбырашылары топ жарып, гранд-финалға өтті деп хабарлайды "Хабар 24".

Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының гранд-финалына өтті.

Соңғы сында қазақ домбырашылары Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін шертіп, қазіргі заман туындыларынан попурри орындады.

"Hollywood төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада алтын медальге ие болдық! Құтты болсын, Қазақстан!", – деп жазды Темірлан Олжабаев өзінің парақшасында.

Ұйымдастырушылар шоудың грант-финалын 23-27 мамыр аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық музыкант алғаш рет "Грэмми" жүлдесін иеленгенін жазған едік.

Жеңімпаздар онлайн режимде марапатталды. Трансляция YouTube-тегі Recording Academy / GRAMMYs ресми каналында жүргізілді. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек марапатқа ие болды.

"Анама, әкеме, командама, менеджер Кириллге рахмет. "Грэммиге" де алғыс айтамын", - деді Иманбек "Үздік ремикс" номинациясының жеңімпазы атанғаннан кейін.

Одан бөлек, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі "Үлкен операның" алғашқы қазақстандық солисі Майра Мұхамедқызы халықаралық BraVo сыйлығымен марапатталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1906622-qazaq-dombyrasylary-britaniyalyq-golden-time-talent-souynda-top-zardy-video/

pixel