RU

"Алладан қорықсаңшы": Ашық образын паш еткен Бибігүл Ақтан тағы да ел ашуын тудырды

Бибігүл Ақтан
Фото: Instagram/bibigul_aktan_s

Қазақстандық танымал актриса Бибігүл Ақтан желіде сексуалды фотоларын жариялап, оқырмандарының сынына жиі ұшырап тұрады. Бұл жолы да қалыңдық кейпінде бой көрсеткен өнер иесі ел ашуын тудырды. Көпшілікке оның образы тым ашық әрі аса ерсі болып көрінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Бибігүл Ақтан бұл образдағы фотоларын желіге жүктеген болатын. Алайда, ол кезде қалың көпшілік актрисаның ұзатуға дайындалып жатқанын болжаған еді.

Ал енді өнер иесі атышулы фотосессиясының өзге суреттерімен бөлісті. Дене сымбатын паш еткен киножұлдызға қатысты елдің ойы екі түрлі болды. Бірі оның мінсіз мүсініне тәнті болып жатса, енді бірі аяусыз сынап тастады.

"Сұлу қыз. Денеңді көрсетуді қойсаңшы. Қарапайым бол", "Адамдардан қорықпасаң да, Алладан қорықсаңшы", "Ұят қайда?", "Түк ұяты жоқ екен. Нені мақтан тұтасың", "Сұлу актриса", "Мінсіз мүсінді бикеш", - деп жазуда желідегілер.
Бибігүл Ақтан
Фото: Instagram/bibigul_aktan_s

Бибігүл Ақтан
Фото: Instagram/bibigul_aktan_s

Бибігүл Ақтан
Фото: Instagram/bibigul_aktan_s

Бибігүл Ақтан
Фото: Instagram/bibigul_aktan_s

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1917900-alladan-qoryqsansy-asyq-obrazyn-pas-etken-bibigul-aqtan-tagy-da-el-asuyn-tudyrdy/