RU

"Анасы қайда қарап жүр": Айжұлдыз Адайбекованың суретін жұрт сөгіп тастады

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал дизайнер әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова желіде тағы да қызу талқыға түсті. Бұл жолы қалың көпшілікке жас ананың әрекеті ерсі көрінген. Нәтижесінде Жанар Айжанованың қызы оқырмандарынан сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында жанкүйерлерімен пайдалы кеңестерімен жиі бөлісіп тұрады. Алайда, бұл жолы көпшіліктің назары оның жазбасына емес, суретіне ауған.

Үнді чакралары туралы сөз қозғаған ару өзінің ерекше фотосымен де бөлісе кеткен. Бірақ, аталмыш сурет ел ашуын тудырған. Қалың көпшілік дизайнердің тұрысын аса ерсі санап, оны сөгіп тастады. Кейбірі Жанар Айжановаға да шүйлігіп шықты.

"Осы сен қыз бір түрлісің", "Аллаға серік қосу емес пе?", "Жанар Айжанова ай қарап жүр ма? Қызы ажырасқан соң, неше түрлі қылық көрсетіп жатыр ғой", "Қатты айтып қалсам кешіріңіз. Сіз өте нәзіксіз, бірақ тик-ток пен суреттерде аяғыңызды ыңғайсыз ашып түсесіз. Сұлулығыңызға келмейтін сияқты" , "Айжұлдыз бұл тұрысыңмен не айтқың келді", Осы қыз біртүрлі", - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924365-anasy-qaida-qarap-zur-aizuldyz-adaibekovanyn-suretin-zurt-sogip-tastady/