Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан: Бұрынғы күйеуіне лайк басқаным үшін мені жезөкше деп атады

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан блогер Әлия Исеновамен не себепті жанжалдасып қалғанын айтты. Желіде орын алған кикілжің бүгінде өз шешімін тапқан. Тележүргізуші келіспеушілік неден басталғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Әлия Исеновамен болған жанжал туралы бар шындықты "Orda News" арнасына берген сұхбаты барысында ақтарды. Тележүргізушінің айтуынша, Исенова оны бұрынғы күйеуіне лайк басқаны үшін "жезөкше" деп атаған. Кейіннен блогер өз әрекеті үшін кешірім сұраған.

“Мен вакцина алдым. Ол туралы ашық жазып жүрмін. Менің шенеуніктермен кездесіп жүргенімді ол ақша алады деп ойлайды екен. Сол үшін жарнама жасайды деп ойлайды. Екеуміздің жанжалымызға нүкте қойылған. Ол менен кешірім сұрады. Бірақ тек өзімнен ғана сұрады. Негізі көпшілік алдында ренжіткен соң, жаман сөз айтқан соң, көпшілік алдында кешірім сұрауы керек еді.
Ол маған Инстаграмын құлыптап тастағанын айтты. Рас-өтірігін білмедім. Ал оның мені жезөкше деп аузына келгенін айтқаны оның бұрынғы күйеуімен байланысты екен. Өзінің айтуынша, мен оның бұрынғы күйеуіне лайк басқаным үшін солай айтыпты. Ол менімен араласып, менің киімдерімді таныстырып жүрген, туған күндерімде болған адам. Сөйте тұра неге олай дегеніне таңғалдым”, – деді тележүргізуші. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925946-dinara-satzan-buryngy-kuieuine-laik-basqanym-usin-meni-zezokse-dep-atady/

pixel