RU

Джуринская: Байқоңырдағы орыс мектептерде тек қана Ресей жайлы айтылатыны жыныма тиеді

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская Байқоңыр қаласында оқушыларды Ресейдің білім беру бағдарламасымен оқытатынына шүйлікті. Актриса соңғы 20 жылда туған жерінде ешқандай өзгеріс болмағанын айтып күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская Байқоңыр қаласындағы өзінің ашуына тиетін жағдай туралы Instagram парақшасында айтты. Ол туған өлкесінде алға ұмтылу жоқ екенін жеткізді.

Оның сөзінше қалада соңғы жиырма жылда аса ештеңе өзгере қойған жоқ. Оның үстіне өнер иесі орыс мектептеріндегі білім беру бағдарламасына көңілі толмайтынын ашық айтты.

Джуринскаяның сөзінше, Байқоңырдағы орыс мектептерінде тек қана көрші Ресей туралы айтылады. Оған қоса, мектепке кіре беріс жерде көрші елдің гимні тұрған көрінеді. Актриса өзінің қазақша білмеуінің басты себебі осы екенін жеткізді.

"Осында тудым, мектеп бітірдім. Жылына 1-2 рет туыстарыма келіп тұрамын. Не жыныма тиеді, білесіздер ме? Мұнда ештеңе өзгермейді! Дамымайды! Иә, бір жерде саябақ соққан. Ал қалғаны менің балалық шағымдағыдай. Есік алдында бірде бір әткеншек болмаған, қазір де жоқ. Орысша мектептерде, оның ішінде мен оқыған мектепте тек қана ресейлік бағдарламамен оқытатыны жыныма тиеді. Мектепке кіре беріс жерде Ресей гимнінің мәтіні ілулі тұратын (неге 2 гимнді ілмеске?) Барлығы тек Ресей жайында. Қазақша жаза да, оқи да алмауымның себебі біздің мектепте мүлдем болмауында!
Өзім ойнаған сериалдардың арқасында қазақшам кішкене жақсарды, буындап оқуды үйрендім. Алматыға университетке түскен кезде: "Жеткен жерің осы" дедім. Бұл қалада бірдеңе істеуді бастауға бола ма? Елдің бәрі көшіп кетпей тұрғанда, тым болмағанда бірнәрсе істеңіздерші. Жақындарымның арқасында ауызекі қазақша тілде сөйлеймін. Космодромда екі билік, орыс мектептерінде де балалар туған жері мен тілі туралы білсін дегім келеді. Қазақша мектептерде орыс тілі аптасына бір рет болады, ал орыс мектебінде оқитындар неге репетитор жалдауы керек", - деп ағынан жарылды Джуринская.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926280-dzurinskaya-baiqonyrdagy-orys-mektepterde-tek-qana-resei-zaily-aitylatyny-zynyma-tiedi/