Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсін айқара ашқан Назима ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Назима
Фото: Instagram/13nazima

Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова ашық образдағы суретін жариялап, желіде қызу талқыға қалды. Ерлер қауымы талдырмаш мүсінді аруға өз сезімдерін жарыса білдіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назима Жәнібекова кеудесін айқара ашқан фотосын Instagram парақшасында жариялап қойған. Суретте өнер иесі бар дене сымбатын паш етіп, ер азаматтарды өзіне қаратты.

Әнші арудың талдырмаш мүсіні бірден желідегілер арасында қызу талқыланып, көптеген пікірлерге ие болды. Оқырмандардың бір бөлігі әртістің дене пішініне қызықса, енді бірі керісінше оның образын тым ерсі деп санаған.

"Недеген фигура", "Мінсіз мүсінді ару деп сізді айту керек", "Кеудеңізді үлкейтіпсіз. Байқадық", "Төс жасатқан соң, оны көрсете беру керек пе", "Ұят қой. Қазақ қыздары жабық киінеді", "Назима сіздің өнеріңіз де, дене сымбатыңыз да ұнайды", "Ғашық болдым", "Талдырмаш мүсінін еліктіруде", "Бұл ғажап қыз кімге бұйырар екен? Кімнің бағы жанар екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928697-tosin-aiqara-asqan-nazima-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel