Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме ұнаса болды": Зарина Омарова көзіне ота жасатқанын мойындады

Опубликовано:

Зарина Омарова
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Қазақстандық танымал әнші Зарина Омарова желідегілердің қызу талқысынан кейін, өзінің бет-әлпетіндегі өзгеріске қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы көзіне ота жасатқанын ресми түрде мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова көпшілік күдігін Instagram желісінде растады. Өнер иесі көзінің сұлулығын кішігірім отамен айшықтай түскенін алға тартты.

"Ештеңені жасырмаймын. Әркез ашығын айьамын. Иә, мен кіөзді жасаттым. Бірақ, ол қазір кете қойған жоқ. Өйткені аз уақыт өтті. Әлі де ісіктер бар. Олар күннен күнге кішірейіп жатыр. Уайымдамаңыздар, бәрі де жақсы болады. Уақыт өткеннен кейін жастардан қалыспай өзімізге қарап әдемі болудың еш айыбы жоқ деп ойлаймын. Сіздерден ештеңе жасырмай бәрін ашық айтамын. Көздерімнің сұлулығын сәл ғана айшықтай түсіп едім бәрі бірден байқап, әр түрлі пікір жазуда, оған еш өкпем жоқ. Өзіме ұнаса болды деп ойлаймын", - деп жазды Омарова.

Айта кетейік, бұған дейін Зарина Омарованың желідегі жаңа фотосы елдің қызу талқысына қалған болатын. Оқырмандар өнер иесінің бойынан өзгеріс байқап, оны көзіне ота жасатып алды деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1941422-ozime-unasa-boldy-zarina-omarova-kozine-ota-zasatqanyn-moiyndady/

pixel