Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкіммен кездеспеймін": АZ-мен айырылысып кеткен Ерке Есмахан жігіттер туралы айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Жақында ғана сүйіктісімен қарым-қатынасын тоқтатқан Ерке Есмахан желіде жан сырын ақтарды. Өнер иесі алдағы уақытта ешкіммен кездеспейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші махаббат тақырыбына қатысты ойымен өзінің Stories бөлімінде бөлісті.

"Енді жігіттермен кездеспеймін десем, қателік шығар, иә? Түнгі ой ғана. Ертең ойымды өзгертемін. Болмаса, қиын болады", - деп мойындады ол.

Махаббаттан көңілі қалған жазылушылар Еркеге хат жаза бастады. Олар жігіттермен енді ешқашан дос болмауға кеңес берді. Ерке өзінің бір сәттік осал тұстарына мән бермеуге шақырды.

"Сіз менің артымнан ермеңіз. Маған сенбеңіз. Ертең мен біреумен кездесуге ұялмай баруым мүмкін", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан "Ninety One" тобының бұрынғы әншісі Азамат Зенкаевпен кездескен болатын. Ол өнер иесінен бірнеше жас кіші болды. Алайда, жас айырмашылығы олардың арақатынасына кедергі болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1948828-eskimmen-kezdespeimin-az-men-aiyrylysyp-ketken-erke-esmaxan-zigitter-turaly-aitty/

pixel