Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөтен елде қалды": Индира Расылхан балаларына жете алмай отырғанын мәлім етті

Опубликовано:

Индира Расылхан
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Индира Расылхан Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан өзге елде қалып қойған бала-шағасына жете алмай отырғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, балалары мен анасы тәртіпсіздіктер кезінде шетелде қалып қойған.

Өнер иесі олар үшін қатты уайымдап жатқанын айтты.

"Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” деп атам Қазақ үнемі жақсылыққа сенген ғой. Мына арпалыстан әлі бала- шағама жете алмай жатқан жайым бар. 20 күндей бөтен елде қалған қыздарым мен ұлым және Анамды сағындым. Кім ойлаған. Қолымыздан келер шара жоқта, жаратушымызға тапсыратын жүректегі сенім ғана көңілді жайландыратыны анық. Қазағымды Алла амандықта етсін! Ұрпағымыздың бейбіт өмірде өмір сүруін тіледім. Коскалайымды қатты сағындым", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1950748-boten-elde-qaldy-indira-rasylxan-tartipsizdikter-kezinde-balalaryna-zete-almai-otyr/

pixel