Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құпиясы ашылды": Алтынай Жорабаева жолдасы өзін қарату үшін не істеген айтты

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева күйеуімен
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақстандық эстраданың жұлдызы Алтынай Жорабаева жолдасының бір құпиясымен бөлісті. Өнер иесінің күйеуі кезінде оған ұнау үшін түрлі әрекеттерге барған болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева жолдасы жасырған құпияны ойламаған жерден біліп қойған. Белгілі болғандай, әншінің жолдасы оны өзіне қарату үшін тіпті өлең шығарып көрген. Ол өнер адамына ұнау үшін поэзияға көңіл юөлген жөн деп санаған.

Бұл туралы шоу-бизнес жұлдызы өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

"Кеше Алишердің құпиясы ашылды. Белгілі әзілкештің парақшасынан бір видеоны көріп, ішек-сілем қатып күліп, біраз адамға жібергенмін ғой. Алишке де жібердім. Сөйтсем , "менің де басымнан өтті ғой" дейді. Менің әнші екенімді білгенде, "Өнер адамына өлең арнаған дұрыс шығар. Сонда оған ұнайтын шығармын", деп ойлапты. Содан қиналып, осылай өлең шығаруға тырысыпты. Бірақ маған өлең жолдары келмеді. Соған қарағанда , шамасы осындай болған ғой", - деп жазды Жорабаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1951522-qupiyasy-asyldy-altynai-zorabaeva-zoldasy-ozin-qaratu-usin-ne-istegen-aitty/

pixel