Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір күн қалды": Жарқынай Ханайым отаға дайындалып жатқанын айтты (видео)

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Аша Матайдың жеңгесі Жарқынай Ханайым желіде отаға дайындалып жатқанын айтты. Өнер иесі арнайы медициналық тексерістерден өтіп, операцияға рұқсатын алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым өміріндегі маңызды жағдайлардың бірі туралы Instagram парақшасында хабарлады. Шоу-бизнес жұлдызы бір күннен кейін ота жасататынын айтты.

Ол арнайы медициналық мамандарға барып, операцияға рұқсатын алған. Әнші отадан кейін екі апта бойы ешқайда шықпай, үйінде болатынын ескертті. Сол себепті ол таныстарына осы бір күнде барлық мәселелерді шешіп, кездесіп үлгеру керектігін алға тартты.

"Анестезиолог маманға келдім. Қазір рұқсатын күтіп отырмын. Рұқсат бермеуі де мүмкін. Мен үшін жауапты күнге бір күн қалды. Алаңдап отырмын. Ертең шығатын жерлерге шығып, кездесулерге барып алу керек. Себебі, екі аптадай үйде боламын. Сол үшін кездесіп алайық қыздар. Сосын көрісейік демеңдер. Уайымдап отырмын. Маған қолдауларыңыз қажет", - деді Жарқынай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954171-bir-kun-qaldy-zarqynai-xanaiym-otaga-daiyndalyp-zatqanyn-aitty-video/

pixel