Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыты келген шығар": Қайрат Нұртастың інісі шаңырақ көтермек (фото, видео)

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Фото: Instagram/zangaar

Отандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды әулетке жаңа келін түспек. Қайрат Нұртастың інісі Заңғар жақын арада отбасын құрмақ. Желіде әншінің сүйіктісімен және ата-анасының ортасында отырған видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заңғар Нұртас өзінің Instagram парақшасында жеке өміріндегі жаңалықтарын жайып салды. Әнші қалың көпшілікке өз сүйіктісін көрсетті.

Белгілі болғандай, қос ғашық тоғыз жыл бойы кездесіп жүрген. Енді тойдың ауылы да алыс емес көрінеді.

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Скриншот: Instagram/zangaar

Қайрат Нұртастың інісі желіде отбасылық жиынның видеосымен бөлісіп, елді шулатты. Онда қос ғашық пен екі тараптың ата-анасы отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бірден бейнежазбаны қызу талқылап, отырыста құда-құдағилар бір-бірімен танысып отырғанын болжады.

"Керемет, бақытты отбасы болсын", "Заңғар бақытты бол. Махаббаттарың баянды болсын", "Тоғыз жыл бойы кездесіп жүргендеріңді қалай жасырдыңдар? Мен қызы бар екенін білмедім", "Гүлзира әпке тағы да келінді болады", "Кенжесін де үйлендірді. Жастар бақытты болсын", "Енді бәрі өз орнына келді. Үш келіні бар", "Шынымен үйленгелі жатыр ма", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1954201-uaqyty-kelgen-sygar-qairat-nurtastyn-inisi-sanyraq-kotermek-foto-video/

pixel