Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Айжан Байзақова елге қалыңдық көйлегімен түскен суретін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Видеодан кадр: Instagram/bayzakova

Әлеуметтік желіде Айжан Байзақованың қалыңдық образындағы видеолары тарап, елдің қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік атышулы блогердің тұрмысқа шыққалы жатқанын болжап жазды. Алайда желі жұлдызы ақ көйлекті сән апталығында киіп шыққаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байзақова Алматыда өткен той көйлектерінің көрсетіліміне қатысқан. Блогер онда ерекше қалыңдықтың образын паш еткен.

Ол өзі киіп шыққан ақ көйлекті Instagram парақшасында көрсетті. Отандық дизайнердің туындысы Айжан Байзақова үшін тігілгендей болған. Қалыңдық көйлегі блогердің мінсіз мүсінін айқындап тұрды.

Байзақованың ерекше образы желі қолданушыларының көңілінен шыққан. Олар блогер аруға тезірек тұрмысқа шығуға кеңес беріп, өзінің ізгі тілектерін жолдады

"Сізге сондай жарасып кетті", "Мен шынымен тұрмысқа шығып жатыр деп ойлап қалсам", "Қалыңдық болған жарасады екен. Тезірек енді шынымен тұрмысқа шығыңыз", "Жақсы ер азамат кездесіп, отбасын құруыңызға тілектеспіз", "Сіз ең сұлу қалыңдық болдыңыз", "Кеше сіздің видеоңызды қарап көзіме жас алдым. Сосын жаратушыдан сіздің шынайы өмірде де өз серігін тауып, осындай ақ көйлекпен тұрмысқа шығуыңызды тіледім", "Қашан тұрмысқа шығасыз? Анаңыз қатты қуанар еді", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1970631-atysuly-aizan-baizaqova-elge-qalyndyq-koilegimen-tusken-suretin-korsetti-video/

pixel