Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Алматыдағы концертте болған жағдай үшін кешірім сұрады

Опубликовано:

Азамат Маркленов
Видеодан кадр: Instagram/ Irinakairatovna

"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Instagram желісінде Алматыдағы концертте мәдениетсіздік танытқаны үшін кешірім сұрап, видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің есімім Азамат Маркленов. "Шоу Ирины Кайратовны" тобының мүшесімін. Соңғы жағдайдағы концертке тоқталғым келіп отыр. Өз басым баршаңыздан, бүкіл қазақстандықтан өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін үлкен кешірім сұрағым келеді.

Мойындаймын, бұл менен кеткен үлкен қателік. Мен үшін үлкен сабақ. Енді қайталанбайды деп уәде беремін. Себебі, біздің концертке тек қана жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай бүлдіршіндері бар жанұялар келеді. Сондықтан, баршаңыздан кешірім сұраймын. Ешқайсымызда жаман ниет, жаман ой болған жоқ",- деді ол.

Маркленов Shiza лақап атымен танылған әнші Асхат Жолшиевтің әрекетіне қатысты да пікір білдірді.

"Екінші тоқталатын жағдай. Әріптесім, досым, концертке арнайы шақырылған Shiza үшін де кешірім сұрағым келеді. Ол туды біреуге бергісі келді, біреуге естелік болып қалсын деген оймен істегісі келді. Ішімдік кесірінен болды, мойындаймын", - деді Азамат Маркленов.

Сондай-ақ "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі әлеуметтік желідегі тараған видеода бой көрсеткен әртістермен бір концертте болмағанын, топтың концертіне тек Shiza қатысқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін 25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza сахнада ерсі әрекеттерге бой алдырып, микрофонға бейәдеп сөздер айтып, бірі мемлекеттік туды халыққа лақтырып жібермек болғанын жазған едік.

Болған жайтқа қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, туды немесе басқа да рәміздерді қорлағандарға жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971379-irina-kairatovna-tobynyn-musesi-almatydagy-koncertte-bolgan-zagdai-usin-kesirim-surady/

pixel