Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не өнеге мынау": Қазақстандық боксшы-әнші сахнада ерсі әрекетке барған әріптесін сынап тастады

Опубликовано:

Shiza
Видеодан кадр: Instagram/aqparat.kz

Белгілі әнші, әрі боксшы Ибрагим Ескендір Алматыдағы концерт кезінде мемлекеттік туды лақтырып жібермек болған өнер иесінің ерсі іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біреудің қымбат туы дейді. Иә, бұл менің қымбат туым. Атаның күші, ананың жасымен келген иісі қазақтың қымбат туы. Не өнеге мынау!

Мынадай бассыздықтарды тосқауылдайтын заң жобасының ауқымын күшейту керек.

Бұл мәселе әлеуметтік желіде үндеу жасағанмен шешілмейді.

Жүйелі шешім табу үшін құзыретті органдар жанынан қазақ зиялыларымен комиссия құруды ұсынамын.

Мәдениет саласындағы өзекті мәселелерді мемлекеттік деңгейде фильтрден өткізетін уақыт келді.

Бейнедегі видео бер жағы, басқасын айтпасақта көріп жүрсіздер", - деді Ибрагим Ескендір Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін 25 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өткен концертте "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza сахнада ерсі әрекеттерге бой алдырып, микрофонға бейәдеп сөздер айтып, бірі мемлекеттік туды халыққа лақтырып жібермек болғанын жазған едік.

Болған жайтқа қатысты мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин пікір білдіріп, туды немесе басқа да рәміздерді қорлағандарға жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

Кейінірек "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов Instagram желісінде Алматыдағы концертте мәдениетсіздік танытқаны үшін кешірім сұрап, видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1971416-ne-onege-mynau-qazaqstandyq-bokssy-ansi-saxnada-ersi-areketke-bargan-ariptesin-synap-tastady/

pixel